» » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ


Бүгін "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов тұрғындарды қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар өздерінің толғандырған мәселелерін жеткізді.

Мәселен, Төретам кентінің тұрғыны қаңғыбас иттердің жүрген жері тұрғындар үшін өте қауіпті орындарға айналып кеткендігі және соңғы кездерде адамдарға жиі шабуыл жасап жүргені жөнінде айтып, қаңғыбас иттердің санын азайту үшін тиісті шаралардың жүргізілуі жөнінде өтініш білдірді.

Ал Байқоңыр қаласының тұрғыны ІІІ-ші топ мүгедектігі бар қызының бір аяғы екінші аяғынан қысқа екендігі туралы жеткізіп, патологияны түзету үшін ота жасату керектігін айтып, көмек көрсетуге өтініш білдірді.

Өз кезегінде Ақай ауылдық округінің тұрғыны алимент өндіру мәселесін бірнеше жыл бойы шеше алмай жүргенін айтты.

Партия филиалының Атқарушы хатшысы М.Есбенбетов қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, тез арада мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы жеткізді.
05 ақпан 2025 ж. 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 961
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031