» » Фракция мүшесі тұрғындарды қабылдады

Фракция мүшесі тұрғындарды қабылдады


Бүгін облыстық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ержан Искендер Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады.

Алғашқы болып қоғамдық қабылдауға кірген Төретам кентінің тұрғыны Ж.Маханова Төретам кентінде қаңғыбас иттердің жүрген жері тұрғындар үшін өте қауіпті орындарға айналып кеткендігі жөнінде айтып, қаңғыбас иттердің санын азайту үшін тиісті шаралардың жүргізілуі жөнінде өтініш білдірді.

Келесі кезекте қоғамдық қабылдауға жазылған Ақай ауылдық округінің тұрғыны Г.Байтерекова ауылда заманауи аялдамалар салу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етуін сұрады.

Өз кезегінде қабылдауға кірген қала тұрғыны, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының медбикесі Г.Смағұлова тұрғын үй мәселесіне байланысты өтініш білдірді.

Фракция мүшесі Е.Искендер қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, тез арада мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы жеткізді.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының бақылауына да алынды.
15 қазан 2024 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 258
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031