» » АРДАГЕР ЕСІМІ АРДАҚТАЛДЫ

АРДАГЕР ЕСІМІ АРДАҚТАЛДЫ

Баласағұн бабамыздың «Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артына жақсы ісі мен жақсы сөзін қалдыруы керек» деген тәлімді сөзі бар. Сондай игі жақсының бірі – Ерімбет Қойшыбайұлы. Ол саналы ғұмырын ел үшін адал еңбек етуге арнаған жан. Соғыс жылдарынан кейін Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектеп жанынан құрылған мектеп интернатының алғашқы директоры болып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие және білім беру ісіне айрықша үлес қосқан.
Жуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Ерімбет Қойшыбайұлын еске алуға арналған танымдық кездесу кеш ұйымдастырылды.
Кеш қонақтары алдымен ардагердің өмірі мен еңбек жолына арналған арнайы кабинетті аралап, оның соғыс пен еңбек майданындағы ерлігі мен жетістіктері туралы мағлұмат алды. Ал ардагерге арналған бөлмеге Ерімбет Қойшыбайұлының жеке заттары, құжаттары мен суреттері қойылған. Бұл еңбек ерінің өмір тарихын келер ұрпақ өкілдеріне танытуға, үлгі етуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы ардагердің батырлығы мен еңбек жолы туралы сөз сөйлеп, оның өмірі мен қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалады.
– Бүгінгі кешіміздің басты себебі – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, ұстаз есімін ұлық тау. Аласапыран уақытта білім алып, ұстаздық қызметке ерте кіріскен Ерімбет Қойшыбайұлы уақыт ағымына қарай елін қорғауға майдан даласына аттанған. Оқ пен оттың ортасынан аман оралған жерлесіміз қайтадан қызметке кірісіп кетеді. Ұстаздық жолын жалғап, аудандағы ең алғашқы интернаттың директоры болады. Мектеп басшылығына қарағанда интернаттың жүгі ауыр. Онда тәулік бойы қадағалау, әр ауыл дан жиналған балаларға әкелік қамқор, аналық мейірім де бере білу керек. Ерімбет ағай мұнымен қоса олардың бойына тиянақтылық, ұқыптылық қасиеттерін де қоса сіңірген. Жұбайы екеуі өсірген ұл-қыздарына да сапалы білім, саналы тәрбие бере білген. Бір қызығы, «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, қос ұстаздан тараған ұрпақтарының біршамасы осы ұлы қызметті таңдаған. Ерімбеттен тараған еңселі ұл-қыздар бүгінде өмірден өз орнын тапқан жандар. Көпке жақсылық жасап, қоғам есінде қалатындай із қалдырған жандарды ұрпақ ұмытпауы тиіс. Ел үшін жасалған ерен ерлік дәріптеле бермек, – деді Әділ Қошалақов.
Сонымен қатар, еңбек ардагерімен бірге жұмыс жасаған әріптестері мен замандастары, ұрпақтары ерекше естеліктерімен бөлісіп, Ерімбет Қойшыбайұлының қайсарлығы мен адамгершілігі туралы өз пікірлерін білдірді. Тағылымды ой, тәлім алар оқиғалар баяндалды. Ардагердің ұрпақтары ер есімін елеп арнайы бөлме ашып, еске алу кешін жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп ұжымына алғаусыз алғысын жеткізіп, сый-сияпат табыстады. Бұл ісшараға қатысқан әрбір оқушының көкірегінде өмірі еңбекпен өрілген ғұмыр, тәрбиелі ұрпақ туралы түсінік қалыптасты. Өмірі өнегеге толы тұлға бүгінгі жастар үшін үлгі болмақ.
Ерімбет Қойшыбайұлының еңбегі мен ерлігі әлі де ел есінде. Сұрапыл соғыс жылында жанқиярлықпен Отанын қорғап, одан кейінгі өмір жолын ұрпақ келешегіне арнаған ардагерді еске алып, кейінгі ұрпаққа өнеге ету – бүгінгінің міндеті. Мектеп ұжымы осы үдеден шыққан секілді. Тебіреніске толы естеліктер, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрініс тапқан кеш замандастардың естелік суретке түсуімен жалғасты. Ал біз елі үшін ерінбеген жандар әлі де дәріптеле түсетініне сенімдіміз.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
05 ақпан 2025 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 361
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728