» » ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРІНІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРІНІҢ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ


Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Ерімбет Қойшыбайұлын еске алуға арналған танымдық кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кешке қатысушылар алдымен ардагердің өмірі мен еңбек жолына арналған арнайы кабинетті аралап, оның соғыс пен еңбек майданындағы ерлігі мен жетістіктері туралы мағлұмат алды. Кабинетте Ерімбет Қойшыбайұлының жеке заттары, құжаттары мен суреттері қойылған, бұл оның өмір тарихын ұрпақтарға танытуға мүмкіндік береді.

Іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы ардагердің батырлығы мен еңбек жолы туралы сөз сөйлеп, оның өмірі мен қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар, еңбек ардагерімен бірге жұмыс жасаған әріптестері мен замандастары, ұрпақтары естеліктерімен бөлісіп, Ерімбет Қойшыбайұлының қайсарлығы мен адамгершілігі туралы өз пікірлерін білдірді. Ардагердің өнегелі өмірі жастар үшін үлкен үлгі болып табылады.

Айта кету керек, Ерімбет Қойшыбайұлы соғыс жылдарынан кейін Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектеп жанынан құрылған мектеп интернатының алғашқы директоры болып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие және білім беру ісіне айрықша үлес қосқан. Қазіргі таңда оның тәрбиелеген шәкірттері әртүрлі салада табысты қызмет етуде.

30 қаңтар 2025 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930