» » Қармақшыда Ұлы Отан соғысы ардагеріне көше атауы берілді

Қармақшыда Ұлы Отан соғысы ардагеріне көше атауы берілді

qarmaqshy-tany.kz Жосалы кенті орталығындағы көшеге Ұлы Отан соғысы және Еңбек ардагері Сәдуақас Баймахановтың есімі берілді.
Көшенің ашылу салтанатында аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз алып, соғыс және еңбек ардагерінің өнегелі өмірі мен еңбек жолы туралы айтып өтті.

- Бар саналы ғұмырын халқына арнап, артында өшпестей із қалдырып, үлкен құрметпен еске алуға лайықты азаматтарымыздың бірі болған Сәдуақас ағамызға көше атауы берілуі аға ұрпаққа деген құрметтің жарқын көрінісі. Қазақ жерінде бүгінгідей бейбіт таң шапағының атуына ұйытқы болып, болашақ ұрпақтың алаңсыз ғұмыр кешуі жолында аянбай тер төккен ағамыздың есімі халқымен мәңгі жасайды,- деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, іс-шараға арнайы келген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Жұмашұлы құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.
Іс-шара соңында майдангер ардагердің ұрпақтары атынан Асылбек Сәдуақасов әке есімін ардақтауға атсалысқан аудан басшылығына және қолдау білдірген аудан жұртшылығына ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, Сәдуақас Баймахановтың атына берілгелі отырған көшенің ұзындығы 120 метр. Аталған көшеге биылғы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық асфальттанады.
28 мамыр 2023 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 417
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 220

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930