» » ҚАРМАҚШЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ


2024 жылы жеке тұрғын үйлерге мұқтаж әлеуметтік осал топтарына және кезектілікте тұрған азаматтарға 156 пәтер сатып алынды.

Ауданда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында спорт кешендерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, Ақай ауылындағы дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады.

2024 жылы елді мекендерге заманауи 5 балалар және спорт алаңын салуға 105,4 млн теңге қаралып, алаңдар салынды. Соңғы 2 жылда аудан көлемінде 17 дана балалар және спорттық ойын алаңдары орнатылып, пайдалануға берілді.

2024 жылдың қаңтар айында Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілді. Ал, 2024 жылдың желтоқсан айында Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттерінің құрылысына бюджеттен 416,9 млн. теңге қаралып, жұмыстары жүргізілді.

«Руханият жылы» аясында ауданымызда бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі аудан орталығымыздағы «Руханият орталығы» бой көтеріп, құрылысы аяқталды. Жалпы жоба құны 1,7 млрд.теңге.

№284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты спорт залының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

31 қаңтар 2025 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930