» » БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім. Олар бұл күнде әртүрлі салада еңбек етіп, егемен елдің гүлдене түсуіне өз үлестерін қосуда.
Бүгінде сан салада аудан мерейін тасытып, сүбелі еңбек етіп жүрген жастар жетерлік. Аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен «Келешек кілті – жастарда» тақырыбында жастар форумы өтті.
Жастарға жаңа серпін беретін шарада аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы мен жастарды қолдау бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды атап өтті.
Аудан басшысы жаңа Қазақстан- ның болашағы жастардың қолында екенін және оларға зор сенім артатынын жеткізді.
Іс-шара барысында соңғы үш жыл көлемінде жоғары жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырған ауданның белсенді жастарына 14 номинация бойынша «Qadam» жастар сыйлығы табысталды. Сонымен қатар әр салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар жас маман аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, жинал- ған көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.
«ҚТ» ақпарат
01 қаңтар 2025 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031