» » ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ БАҚЫТЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ БАҚЫТЫ

Кент орталығындағы А.Жанпейісов атындағы No105 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақовтың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел бақыты» тақырыбында Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлғалармен кездесу өтті.
Кездесуге ардагер, ұзақ жылдар мемлекеттік қызмет атқарған желтоқсаншы жерлесіміз Мұхит Қыпшақбаев, мәдениет саласының дамуына үлес қосқан Айдос Ниязов, ауданымыздың білім беру саласына үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаз No183 мектеп мұғалімі Ақбөпе Асқарова, аудандық қоғамдық даму бөлімінің қызметкері Рахат Бақытжанұлы және No105 мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Бұл жиынның басты мақсаты – тәуелсіздікті қастерлеуге, өзінің тарихын білуге және құрметтеуге тәрбиелеу, бірлік пен достықты насихаттау.
Кездесу барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері әдеби монтаж оқыды, патриоттық бағытта әндер айтылып, бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара соңында мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Байдрахманов ізгі лебізін жеткізіп, сый-сияпат жасады.
«ҚТ» ақпарат
22 желтоқсан 2024 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 80

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031