» » ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛ БАҚЫТЫ!

ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛ БАҚЫТЫ!

Жосалы кенті орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде тәрбие ісіжөніндегіорынбасары А.Қозыбақовтың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-ел бақыты!» тақырыбында Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлғалармен кездесу өтті.

Кездесуге Қармақшы ауданының ардагері, ұзақ жылдар мемлекеттік қызмет атқарған «Желтоқсаншы» жерлесіміз ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан Қыпшақбаев Мұхит, мәдениет саласының дамуына үлес қосқан «Желтоқсаншы» жерлесіміз Ниязов Айдос, ауданымыздың білім беру саласына үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаз №183 мектеп мұғалімі Асқарова Ақбөпе, аудандық қоғамдық даму бөлімінің қызметкері Бақытжанұлы Рахат және №105 мектеп лицейінің оқушылары мен ұстаздары арнайы қатысты.

Кездесудің мақсаты-ұлттық құндылығымыз Тәуелсіздікті қастерлеуге, өзінің тарихын білуге және құрметтеуге тәрбиелеу, бірлік пен достықты насихаттау болып табылады.

Кездесу барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері әдеби монтаж оқыды, патриоттық бағытта әндер айтылып, бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Байдрахманов ізгі лебіз жеткізіп, құттықтау табыстап, сый-сияпат жасады.
17 желтоқсан 2024 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 804
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 504

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930