» » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ


Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудан әкімі Жандос Еркінбектің халықпен кездесулері Алдашбай ахун, Тұрмағамбет елді мекендерінде жалғасты.

Тұрғындармен өткен кездесулерде аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттерді баяндады.

Биыл Алдашбай Ахун ауылының төлқұжаты жаңадан орнатылды. Заманауи балалар және спорттық ойын алаңы салынды. «Тағзым алаңын» орнату, Майлыөзек көшесіне жаяу жүргінші жолына қаржы қаралып жұмыстар толығымен аяқталды.

Тұрмағамбет ауылында өткен жылдың желтоқсан айында дәрігерлік амбулатория салынып, халық игілігіне пайдалануға берілсе, биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында бес көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Білімді қолдау Ұлттық қоры» арқылы Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектептің 250 орынға арналған құрылысы үшін 1,9 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім жолданып, 2025 жылдың есебіне жаңадан салынатын құрылыстар тізіміне енгізілген.

Сондай-ақ, екі елді мекенде де электр желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленді.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында Алдашбай ахун ауылында 11 гектар, Тұрмағамбет ауылында 36 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 119 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 12 гектар картоп, 6 гектар көкөніс, 29 гектар бақша дақылдары егілді. Одан бөлек Тұрмағамбет ауылында 1818 гектар жерге күріш дақылы орналастырылды.

Кездесу соңында аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Халықпен жүздесулерден кейін аудан басшысы 90 жасқа толған тыл ардагері Пәуен Досболатованың шаңырағында болып, мерейлі мерейтойымен құттықтар, ізгі лебізін білдірді.

20 желтоқсан 2024 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930