» » Қонақтар жайлы мектеп ғимараты мен балықшылар мұражайында болды

Қонақтар жайлы мектеп ғимараты мен балықшылар мұражайында болды

Мерейтой қарсаңындағы шаралардың бел ортасында жүрген қонақтар қаладағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңадан салынып жатқан мектеп ғимаратын аралап көрді.

«Бар жақсылық балаға» деген дана халқымыздың дәстүрлі жолын сабақтай түсетін бастамалар бүгінде жүзеге асып, баянды болашақтың көшін түзуде. Интеллектуал ұлт қалыптастыру жолындағы ортақ ойдың жемісі саналатын жоба бойынша еңсе тіктеген білім ордасы озық ойлы, өнерге құштар, спортқа бейім дарынды балалардың шамшырағын жағатын мекен болмақ.

Ұлтымыздың дамуында маңызды рөл атқаратын бұл білім ордасында шәкірттердің барлық пәнді оқып үйренуіне, ұстаздардың шығармашылықпен еңбек етуіне толық мүмкіндіктер жасалған. Ұстаздар мен оқушыларға жайлы ортаны сезіндіріп, жалпыға бірдей мүмкіндік беретін білім ордасында болған қонақтар қолға алынып жатқан жұмыстарға сәттілік тілеп, еңселі ғимараттың ел кәдесіне жарай беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, ұлттық жобасы аясында салынған бұл білім ошағы Қызылорда қаласынан кейінгі аудандар арасында бірінші болып халық игілігіне пайдалануға берілгелі тұр. Ғимарат 300 орынға арналып салынған.

Мұнан соң қонақтар қаладағы Балықшылар аллеясында болып, ақжал толқынмен алысып, ата кәсіптен ажырамаған балықшы қауымның өмірі мен тұрмысынан сыр шертетін Балықшылар мұражайында болды.

Мұнда балықшының өміріне қатысты түрлі экспонаттар бар. Теңіз айдынында жүзген кемелер мен капитаннан қалған киім де, балықшыға қажетті құрылғылар да осында орын тапқан. Қонақтар сан алуан экспонаттармен танысып, құнды жәдігерлер жинақталған қазыналы мұражайдың жұмысына ризашылықтарын білдірді.
19 желтоқсан 2024 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 180
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 825

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031