» » Ауданда ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтті

Ауданда ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы 5 қазан – Дүниежүзілік ұстаздар күні мерекесіне орай "Ұлағатына бас иемін, ұстазым" атты салтанатты кешке қатысты. Кеште аудан басшысы ұстаздар мен білім саласы ардагерлерін мерейлі мерекемен құттықтап, білім саласындағы жеткен жетістіктері мен ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлестеріне өз ризашылығын білдірді.

«Ширек ғасырға жуық тарихы бар ауданымыздың білім саласында бүгінде жақсы жағдай қалыптасқан. Ағымдағы жылы республикалық «Жайлы мектеп» жобасы аясында аудан орталығындағы №105, ІІІ Интернационал ауылындағы №108 мектептердің құрылысына қаражат алынып, алдағы жылы құрылыс жұмыстары басталатын болады. Мұнымен қоса тағы бір ақжолтай жаңалығымыз Тұрмағамбет ауылында апаттық жағдайдағы №29 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттамалары дайындалатын болады. Жасалып жатқан жұмыстардың оң нәтижесімен алдағы жылдары құны 1 млрд теңге тұратын мектеп оқушыларға есігін ашатын болады. Тағы бір айта кетерлік жайт Байқоңыр қаласындағы 2 орыс балабақшасы қазақ балабақшасына ауыстырылды. Мен білім саласы қызметкерлерімен кездескен әрбір кездесуімде айтып жүремін. Балаға, білімге құйылған инвестиция болашақтың «кірпішін» қалағанымызбен бірдей», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Мерекеде аудан басшысы мерейі өсіп, мәртебесі артқан ауданның үлгілі ұстаздары мен салаға еңбегі сіңген мерейлі жасқа келген ардагер ұстаздарға облыс әкімі мен аудан әкімінің марапаттарын табыстап, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Сонымен бірге кеш барысында №250 мектеп-лицейінің директоры Мұнарбаева Гүлжаһан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту бағдарламасы бойынша жасақталған көрме жұмыстарымен таныстырды. Атап айтар болсақ, мультимедиялық, робототехника, STEM кабинеттері, физика, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, технология, бастауыш сынып кабинеттері, АRТ-студия, телестудия, музыка, Intellectum кабинеттері білім берудің т.б. бағыттары бойынша жаңа заманауи модификация кабинеттерімен жасақталған.

Әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі, тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы болған ұлағатты ұстаздарға деген құрметтің бәсі әрқашанда биік болмақ.

©Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
06 қазан 2023 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 211

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930