» » Аудан мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

Аудан мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды


qarmaqshy-tany.kz Бүгін Жосалы кенті орталығындағы №121 орта мектебіндегі алғашқы қоңырау салтанатты жиынына қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы барша ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды Білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Жандос Еркінбекұлы өз құттықтауында ел Президентінің тапсырмасы аясында өскелең ұрпақтың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін жолында барлық жағдайды жасалатындығын айтты. Жас өрендеріміздің оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындырып, туған жеріміздің, Сыр елінің мерейін тасытар адал ұрпақ болып қалыптасатынына сенім білдірді. Салтанатты жиын барысында аудан әкімі алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығын тапсырды.

Аудан бойынша өткен оқу жылының қорытындысымен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге 581 оқушы қатысып, 455 мектеп түлегі мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл аудандағы барша ұстаздардың ерен еңбектері мен төккен терлерінің қайтқан қарымы екені белгілі.

Биылғы жылы мектеп партасына отырған аудандағы 13500 оқушының сапалы білім алып, тағылымды тәрбие алуы үшін білім саласы мамандары ауқымды жұмыстар атқаруда.

Бүгінгі күнмен баланың таным көкжиегін кеңейтер ұстаздар қауымы қасиетті Қармақшының даңқын асырып, оның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосатын таланттарды тәрбиелейді деген зор сеніммен жаңа оқу жылын басталды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 қыркүйек 2023 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

№81 (10346)

12 қазан 2024 ж.

№80 (10345)

08 қазан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031