» » СҰРАНЫСҚА ИЕ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ

СҰРАНЫСҚА ИЕ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ

Ұлтымыздың ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлы «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас күні бүгінге дейін маңызын жойған емес. Себебі, біріншіден ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Білім мен еңбек – екеуі егіз ұғым. Терең білім алу жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Қандай жұмыста болсын шаршап шалдығуды білмейтін, үнемі ізденісте жүретін жігерлі жастардың білім нәрімен сусындап, еңбекке етене араласуы – басты міндет.
Бүгінгі таңда білім саласы оның ішінде, кәсіптік-техникалық колледждер заманға сай үздіксіз жаңару мен даму үстінде. Мұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Бұрынғы дәстүрлі жүйе өзгеріп, оқу үрдісінде түрлі жаңа технологиялар, сабақты түсіндірудегі неше алуан жаңа әдіс-тәсілдер пайда болды деген сөз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді» деп атап көрсетеді.
Яғни бүгінгі біздің қоғамда өз еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігі шың- далған нағыз еңбек адамының мәртебесін көтеруіміз керек. Әрбір жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек адамының қоғамда өзіндік орны мен қадірі бар. Ең маңыздысы – әрбір жұмысшы маман, әрбір еңбек адамы жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқарғаны дұрыс. Өз кәсібіне адалдық танытып, жауапкершілікпен қараған адам қашанда жоғары орыннан көрінері хақ. Бұл қағиданы қоғам санасына сіңіруіміз қажет. Сол кезде ғана аймағымыздың даму жолы даралана түседі.
Әлемге аты мәлім, Ғарышкерлер қаласы атанған Байқоңырда осы өңірдің негізгі мектепті бітірген түлектері үшін Қазақстанның білім беру стандартымен білім беретін, заман талабына сай – туристiк агент, техник-құрылысшы, техник-электронщик, техник-механик, автомобиль жөндеу слесарі, тігінші, бухгалтер, телекоммуникациялық байланыс жүйелер технигі секілді мамандар даярлайтын бірден-бір оқу орны – академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі.
Білім беру мекемесінде «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» сынды жұмысшы мамандықтар даярланады. Жұмысшы мамандығын таңдаған білімгерлер өз мамандықтарын кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп, қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуы керек. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндеті әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірибенің үйлесімді болуынан басталады. Осы жұмысшы мамандығы студенттерінің қызығушылығы мен мекемелердің сұранысына қарай жұмысқа деген ынтасын, ептілігі мен ұқыптылығын арттыру мақсатында Байқоңыр қаласындағы көптеген мекемелермен әлеуметтік серіктестік құрып, бірізділікпен жұмыс істеп келеміз. Мамандыққа байланысты тәжірибеден өтуді ұйымдастыру үшін көптеген мекемелермен келісім-шартқа қол қойылған. Студенттеріміз өндірістік машықты өндіріс орындарынан өтіп, кейбірі сол мекемелерде қазіргі таңда еңбек етуді жалғастыруда.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – білікті жұмысшы мамандарды даярлаудың түп қазығы екендігі айқын. Сондықтанда заманауи техникалық және кәсіптік білім беретін колледждер еңбек жағдайының жедел өзгеруіне бейімделуге қабілетті, өндіріс процесіндегі заманауи өзгерістер мен жаңа техниканы меңгеруге лайықты қосымша мамандығы бар, қабілеті жоғары жұмысшы мамандарды даярлауға бағытталған.
«Халық пен халықты теңестіретін – білім» деп қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім, еліміздің ертеңi болатын бiлiмдi жастар екені анық.
Қорыта айтқанда, заман жетістіктері негізінде жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат ете отырып, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын, бәсекеге қабілетті, талапты да білікті мамандарды даярлау – бүгінгі күннің басты талабы. Ал сол талаптың үдесінен шығу жолы – сапалы да нәтижелі білім беру. Себебі, білім – біздің өміріміздің шамшырағы, өміріміздегі маңызды құндылық.
Шолпан ДӘУЛЕНБАЕВА,
академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі
білім беру мекемесінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары, аудандық мәслихат депутаты
07 желтоқсан 2024 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 901

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031