» » КІТАПХАНАШЫҒА ҚҰРМЕТ – РУХАНИЯТҚА ҚЫЗМЕТ

КІТАПХАНАШЫҒА ҚҰРМЕТ – РУХАНИЯТҚА ҚЫЗМЕТ

Бір ғұлама адамзатты екі категорияға – жас болсын, кәрі болсын, ер ме, әйел ме, айырмашылық жоқ, кітап оқитын және кітап оқымайтын адамдар деп бөлген. «Кітап оқитын адамдар зерек, алғыр келеді. Жұмысында табысты болады. Табысты адам – бақытты. Бақытты адамдар бейбітшіл келеді» деген бағалаудың астарында терең мағына бар емес пе? Теңдессіз байлығымыз – кітап қоры текшелеп жиналған рухани ордалардың кілті кітапханашының қолында. Сондықтан да олар құрметті. Осы орайда «Қазақ тілі» қоғамы ҚБ аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапхана залында «Кітапханашы еңбегі: Ана тілінің алтын қазығы» тақырыбында кітапханашылармен кездесу өтті.
Кездесуге аудандық филиалдың алқа мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева, бастауыш ұйым мүшелері, аудандық кітапхана мен мектеп кітапханашылары қатысты. Аудандық филиал төрағасы Гүлжауһар Төлегенқызы кездесудің мақсатын, кітапханашылармен тіліміздің мәртебесін көтеруде бірлесе жұмыс жасап, қоғам жұмысына белсенді қатысып келе жатқанын айтып өтті.
– Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Рухани демалып, көптеген дүниені білуге апаратын таусылмайтын білім көзі. «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген сөздің құдіреті қаншама?! Осындай қасиеті мол кітапты насихаттап, оқырмандарының кітапқа қызығушылығын арттырып адал еңбегімен нәтижелі жұмыс жасап келе жатқан кітапханашыларымыздың еңбегі қашанда құрметке лайық, – деген филиал басшысы руханият қызметкерлеріне сәттілік пен еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.
Содан соң ауданның Құрметті азаматы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық орта лықтандырылған кітапхананың директоры Гүлшара Қаниева кітап туралы толғамды ой айтып, кітапханашыларға шынайы лебізін білдірді.
Оқушылардың бойына құндылық құйып жүрген кітапханашылар тіл мәселесіне келгенде бейжай емес. Олар кітаппен қатар, ана тілінің де шынайы жанашыры. Бұлай деуімізге себеп те жоқ емес. Аталған кездесуде аудандық кітапхана әдіскері Гүлжамал Жанаділова, №279 мектеплицейінің кітапханашысы Сұлуай Күзембаева, №85 орта мектептің кітапхана меңгерушісі Жанат Нарикбаевалар көңіл қуантарлық баяндама жасады. Олар оқырмандарға, оқушыларға кітап оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері және тілге байланысты бейнероликтер көрсетіп, атқарып жатқан қызметтері жайлы баяндады. Ана тіліміздің шын жанашырлары қай кезде де қоғам жұмысына белсене қатысады. Осындай білімді, өз ісінің білгір мамандары филиал атынан алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
Расында, жақсы кітап – ақылды адаммен әңгімелескенмен бірдей. Адамзат жаратылысының, ұлттық құндылықтың тамырында рухани өзек тұрады, оның негізгі қоры – кітап. Білімнің де қайнар бұлағы – кітап. Француз философы және жазушысы Дени Дид ро «Адамдар кітап оқуын қойғанда, ойлауын да қояды» дегендей, жай адам кітапханашы бола салмайды. Адамзаттың бүкіл дамуы барысында қалыптасқан ақыл-ой, рухани жетістіктерін жүйелі түрде жинақтап, сақтау, оны халық игілігіне жаратуда кітапхана қызметкерлерінің үлесі зор. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері екені даусыз. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалап келеді. Құрмет төрінен көрінген кітапханашылар да филиал басшылығына алғаусыз алғыстарын айтып, ризашылығын жеткізді.
Түптеп келгенде, кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар қандай құрметке де лайық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
26 қараша 2024 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031