Мархабат Жайымбетов Арал балықшыларының жанайқайын жеткізді
Мәжілістің жалпы отырысында Мархабат Жайымбетов Арал балықшыларының қазіргі жайына тоқталып, олардың жанайқайын жеткізді.
Қымбатты достар!
Бүгін Жалпы отырыста «Акваөсіру туралы» заң жобасы қаралды.
Заң жобасын талқылау кезінде теңізбен тағдырлас халықтың өтініштерін жеткіздім. Яғни, Кіші Арал–жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруда бір деңгейлік нұсқасын қалдыру бойынша пікірімді білдірдім.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Жақанұлы мәселені терең зерделеп, назар аудару қажеттігін жеткізді.