» » ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ

«Мәдениет – елдің ең асыл рухани байлығы, асыл мұрасы» деген. Расымен, өнерін сүйген, өнерпазын мәпелеген елдің мәртебесі қашанда биік.
Руслан Шадаев бала күнінен өнерге жақын болып өседі. Арманына қарай қадам басып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алды. Алғашқы еңбек жолын Жаңажол ауылдық мәдениет үйінде көркемдік жетекші қызметінен бастайды. 2019 жылдан бері осы мекемеде әдіскер болып қызмет етіп келеді. Ол – еңбекқор, іскер ұйымдастырушы, жауапты маман. Ауылда өтетін барлық мерекелік іс-шараларға өз деңгейінде, асқан жауапкершілікпен қарайды. Жүрек қалауыңмен жасаған еңбектің наны тәтті болады дейді кейіпкеріміз.
Бүгінде мәдениет қызметкерлері ұлттық өнерімізді дәріптеп, халықты өнерімен сусындатып, рухани қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Еселі еңбек те өз жемісін беріп келеді. Жуырда Шиелі ауданында өткізілген ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары әдіскерлерінің облыстық байқауында Руслан Шадаев I орын иеленді.
– Мәдениет пен өнер – егіз ұғым. Мәдениет – ел мәйегі, оның рухани болмысы болса, өнер – ұлттың жаны, мәдени айнасы. Руханияттың осы қос ұғымын дамыту, жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерді дәріптеу – біздің басты мақсатымыз. Бұл бағытта атқарылып жатқан әрбір игі іс адам баласының жан дүниесін байытып, сезіміне шуақ сыйлап қана қоймайды, санасын серпілтіп, ізгілікке бастайды. Қазір барлық сала жаңашылдықты қажет етеді. Іздену, тынымсыз еңбек жетістікке жеткізетін жол. Тыңдармандарыңды таңқалдыру оңай емес. Шын талантты өнерде шыңдау, сахна мәдениетіне тәрбиелеу қажырлы еңбекті талап етеді. Ауылда жыл сайын аудандық, облыстық мәдени іс-шараларды өткізіп келеміз. Барлығы тұрғындардың көңілінен шығып жатса, біздің еңбектің ақталғаны. Мәдениет үйі әркез үлкен жеңістерден көрінуде, – дейді Руслан Шайхыұлы.

Ұлттық сананың кемелденуі жолында мәдениет саласы мамандарының қосатын үлесі орасан. Мұның барлығы – өнер адамдарының еселі еңбегі, жүйелі жұмысы. Өмір айнасы өнер болған соң, ол жарыққа шықпай тұра алмайды. Олай дейтініміз, мәдени шаралардың өзі – өмірдің бір бөлшегі іспеттес.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
05 қараша 2024 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031