» » Аудан әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

Аудан әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

ҚҰРМЕТТІ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
ҚЫМБАТТЫ ӨНЕР СҮЙЕР ҚАУЫМ!

Баршаңызды 21мамыр-мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамзаттың ұрпақтан ұрпаққа қалдырар ұлы мұрасы – мәдениеті мен өнері.

Ұлы абыз Қорқыт баба қобызының күмбірлеген үнімен үндескен қасиетті Қармақшы жері – халқымыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы мәдениетінің мұрагері. Халқымызда киелі Қармақшы өлкесі «Жүз жыраудың елі» деген жақсы сөз бар.
Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында еліміздің алға қарай жан-жақты дамуы салт-дәстүріміз, ұлттық музыкамыз, әдеби құндылықтарымызбен жаңғырады» - деген болатын.

«Өнер - ұлттың жаны» дейді халық да¬на¬лы¬ғы. Кез келген ел өнерімен, мәде¬ниеті¬мен танылып, бағаланатыны анық.
Бүгінгі таңда мәдениет саласының қызметкерлері - айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және рухани жан дүниесі бай өнерге берілген азаматтар.

Мемлекеттік қолдаулардың арқасында жергілікті өнерпаздар халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардан жүлделі оралып жүр.

Сіздер өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай қызмет етіп келесіздер.

Өздеріңіз өнерлеріңізбен елдің рухын кө¬теріп, зор мақтаныш сыйлайсыздар, халқымыздың мәдени-рухани талғамы мен танымын қалыптастырасыздар.

Бабалар аманатын адал сақтап бүгінге жеткізіп жүрген мәдениет майталмандарына мықты денсаулық, отбасыларына бақ-береке, жаңа бастамаларына сәттілік, биік шығармашылық табыстар мен жоғары жетістіктер тілеймін!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков

21 мамыр 2021 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930