» » Қармақшы ауданы әкімі әлеуметтік нысандардың жұмысын қадағалады

Қармақшы ауданы әкімі әлеуметтік нысандардың жұмысын қадағалады


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізді. Алдымен, аудан басшысы Жосалы кентіндегі білім беру мекемелеріндегі жылу беру маусымының өту барысын тексерді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, мектеп аумағында орналасқан ескі ғимараттарды сүру, тозығы жеткен ойын алаңдарын жаңғырту, мектеп аумағын барлық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету және соңғы жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандарға қатысты мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді. Жұмыстар барысында анықталған ақауларды жою талап етілді.

Одан кейін аудан әкімі әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарын аралап, құрылыс сапасын мұқият бақылау қажеттігін және жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды сала басшыларына тапсырды. Сонымен қатар, сапа стандарттарын сақтау маңыздылығын ерекше атап өтті.

22 қазан 2024 ж. 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930