» » РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

Санаулы күндерден кейін қазақстандықтар Республика күнін атап өткелі отыр. Бұл күн – халқымыз үшін өте қастерлі мереке. Аға ұрпақ өкілдері бұл күннің тарихи маңызы өте жоғары екенін жақсы біледі. 1990 жылы 25 қазан күні ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Қаулысымен Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.
Бүгінде Республика күнінің қайта бекітілуі тарихи және маңызды шешімнің бірі болды. Себебі қайта жаңғырған ұлттық мерекеміз қазақстандықтарды одан әрі еркіндікке жетелегендей. Қазіргі таңда Қазақстан еліміздің көркеюі жолында барлық қиындықтарды бағындырып, әлемдік саяси аренада өз орнын тапқан мемлекетке айналды. Ұлттық тіліміз, дініміз, діліміз, рәміздеріміз арқылы азаттығымыз бен қазақтығымыз айқындалды. Мұның бәрі берекелі бірлік пен еңселі еңбектің арқасында десек, артық айтқанымыз емес. Сондықтан ұлттық мерекеміздің мәнін ұғынып, оның тарихын білу – барша қазақстандықтардың міндеті.
Себебі, бүгінгі бейбіт күніміз бәрінен де жоғары. Ендеше, еліміздің еңсесі биік, абыройы асқақ болғай! Еңбекте мол табыс, жаңа жетістік, тұрақтылық пен ынтымақ тілеймін. Отанымыз Қазақстан Республикасы өркендей берсін!
Нұржұман ПІРНАЗАРОВ,
аудандық жастар ресурстық орталығының директоры
22 қазан 2024 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 341
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728