» » Өңірлік кадр резервінен маман қызметке қабылданды

Өңірлік кадр резервінен маман қызметке қабылданды


Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде алғаш рет әр өңірдегі талантты жастар арасынан өңірлік кадр резервтеріне іріктеу жүргізілді.

Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысты.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастау алған өңірлік кадрлық резервке Қызылорда облысы бойынша 25 үміткер қабылданған.
Бүгінде сол іріктеудің қорытынды тізіміне енген Маденов Серікболсын Бекболатұлы Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы лауазымына ағымдағы жылдың 17 қазанынан бастап конкурс өткізілместен қабылданды.

Маденов Серікболсын 1992 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша және 2017 жылы аталған университетті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтап, «Экономика және бизнес магистрі» дәрежесі берілген.

Маденов Серікболсын аталған лауазымға қабылданғанға дейін Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Отбасын қолдау орталығының маманы қызметін атқарып келген.

Атап өткен жөн, өңірлік кадр резервіне қабылданған адамдар уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналаса алады.

Өңірлік кадрлық резервке алынған басқа да мамандар да алдағы уақытта бос орындардың қалыптасуына қарай қызметке тағайындалуы жоспарланып отыр.

18 қазан 2024 ж. 221 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 443
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31