Құрылтай
» » АЛТЫН КҮЗ - 2024: СЫР ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ

АЛТЫН КҮЗ - 2024: СЫР ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ


Қызылорда облысында егін жинау науқаны табысты аяқталып, дала еңбеккерлерінің адал еңбегі лайықты құрметке ие болды. Осыған орай, бүгін "Алтын күз" атты дәстүрлі мерекелік кеш өтті.

Салтанатты кеште облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ала жаздай маңдай терін төккен ауыл шаруашылығы саласының майталмандарын марапаттады. Ол өз сөзінде дала төсіндегі қажырлы еңбектің жоғары бағаланатынын айтып, егін алқабында күн-түн демей еңбек еткен әрбір азаматқа алғысын білдірді.

Мерекелік кешке қала және аудан әкімдері, сала ардагерлері, еңбек озаттары, басқарма басшылары мен шаруашылық өкілдері қатысып, "Алтын күздің" сый-құрметіне бөленді. Бұл күн – еңбекқор жандардың табысы мен жетістігін мерекелейтін маңызды шара ретінде есте қалды.

@ Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

12 қазан 2024 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 605
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 068

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31