» » Әлемнің әміршісі еңбек: Дала төсіндегі даңғайыр диқандардың еңбегін дәріптейтін "Алтын күз-2023" мерекесі өтті

Әлемнің әміршісі еңбек: Дала төсіндегі даңғайыр диқандардың еңбегін дәріптейтін "Алтын күз-2023" мерекесі өтті


"Алтын күз-2023" молшылық мерекесі аясында өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына ерекше үлес қосып, егін жинау науқанында жоғары көрсеткіштерге жетіп, ел байлығын молайтуда ерекше табысқа жеткен бірқатар аудан еңбеккерлеріне облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы марапаттар табыстады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Алғыс хатымен" «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Төлепов Орынбасар Өтепұлы мен «Бертай» шаруа қожалығының шопаны Бертайұлы Марал марапатталды.

Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісіне «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің гидротехнигі Саметов Балтабай Мақсатұлы ие болды.

«Озат егін шаруашылығы» номинациясымен «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Төлепов Орынбасар Өтепұлы марапатталды. Серіктестіктегі егілген 3100 гектар күріштен 21 700 тонна өнім жиналып, орта өнімі әр гектарынан 70 центнерді құрап, аймақ бойынша озық шықты.

Жер-Ананы идіріп, төрт түлікті түлетіп отырған ауыл еңбеккерлерінің несібесі ортаймасын! Марапаттарыңыз құтты болсын!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 қазан 2023 ж. 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 577

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930