» » Алтын дән - 2022: Қармақшылық диқандар үздіктер қатарында

Алтын дән - 2022: Қармақшылық диқандар үздіктер қатарында

qarmaqshy-tany.kz Бүгін ала жаздай ақеден еңбек етіп, Сыр маржанын төкпей-шашпай жинауда ерен еңбек көрсеткен дала диқандарының еңбегі айшықталып, құрмет төрінен көрінген ерекше күн. Береке мен молшылық мерекесі «Алтын дән - 2022» салтанатты шарасында Қармақшы ауданы диқандары да үздіктер қатарынан көрінді.
1 500 гектар күріштің әр гектарынан 72,2 центнер өнім жинап, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде жеткізген жоғары жетістіктері үшін «Ақтөбе и К» ЖШС облыс бойынша «ОЗАТ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» номинациясымен марапатталып, І орын иеленді. Шаруашылық төрағасы Іздібаев Нұрлан Тұрғанбекұлы.
56 га күріш егіп, күріштің әр гектарынан 86 центнерден өнім жинаған «Жаңажол» ЖШС сушысы Серікбаев Ержан, 35000 центнер астық бастырған «Тұрмағамбет» ЖШС комбайнері Сәуенов Болат, 700 гектар астық орған «Ораз ахун ЛТД» ЖШС жаткисі Саметов Талғаттар облыс бойынша үздіктер атанды.
Сонымен қатар, Жаңажол ЖШС инженері Машарапов Оралбай Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталып, марапат иесіне «Лада» автокөлігі табысталды.
Техникалардың көктемгі, күзгі науқанда тоқтаусыз жүріп - тұруын қамтамасыз етуде жауапкершілікпен еңбек еткен «Жаңажол» ЖСШ инженері Сыдыбаев Сағатқа және 50 гектар күріштің әр гектарынан 80 центнер өнім жинауға үлес қосқан «Ақжар» шаруа қожалығының сушысы Әбенов Ғалымжанға «Лада автокөліктері табысталды.
Қармақшы өңірі ақ күріштен тау тұрғызып, өрісте малын өрбіткен еңбеккерлер мен дала диқандарының тер төккен қасиетті мекені. Қасымтай Ізтілеуов, Әділбек Хайруллаев, Сәлима Жұмабекова, Цай Ден Хак және Пак Чен Ир сынды Еңбек Ерлері халық шаруашылығының қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосқан. Еңбек майталмандарының өнегесін еселі еңбекпен жалғаған дала батырларына көрсетілер құрмет пен айтылар алғыс шексіз. Ел берекесі артып, қамбамыз астыққа толып, тыныштық пен бірлік бесігінде тербеле берейік!

15 қазан 2022 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930