» » Ауданда егінге алғашқы орақ түсті

Ауданда егінге алғашқы орақ түсті

Аймақ басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапаров Айдарбек Сейпілұлы арнайы жұмыс сапарымен Дүр Оңғар ауылындағы "Алғашқы орақ" рәсімі мен "Дала күні–2023" cеминар-кеңесіне қатысты.

Алақанында адал еңбектің табы бар, беттерін күн қаққан ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің атаулы күнінде барлық аудан әкімдері мен басқарма басшылары, ауыл шаруашылығы саласы өкілдері мен ардагерлері болды.

Қонақтар «Алғашқы орақ» рәсімінен кейін жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесімен танысты. Көрме барысында аудандағы жалпы егін көлемі мен ауыл шаруашылығы саласы бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайында аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы:

"Жалпы биыл аудан бойынша егіс көлемі 26 288 гектарды құрайды. Оның ішінде күріш 13 770 гектарды құрап отыр. Су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Күзгі егін‐терім жұмыстары кестеге сай жүргізіліп келеді. Дала қостары, астық қырмандары күзгі егін жинау науқанына толықтай әзір. Ауданда өсірілген ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап, ел қамбасын еселейтін боламыз!" - деді.

Семинар–кеңесте өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасап, аяқ су тапшылығы мәселелерінің алдын алу бойынша және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі бірқатар ұсыныстарын айтты.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың Сыр диқандарын егінге орақ салу рәсімімен құттықтау хатын оқып беріп, диқандар мен су шаруашылығы мамандарын ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен марапаттады. Қармақшы ауданы бойынша бұл марапатқа «Жаңажол» ЖШС №4 бригада күріш сушысы Мәмбетов Амангелді ие болды.

©️Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
14 қыркүйек 2023 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031