» » Қармақшыда ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамуда

Қармақшыда ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамуда


Биыл Қармақшыда жалпы көлемі – 24 326 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал егілген күріш көлемі – 12 773 гектарды құрады. Сондай-ақ, ауданда 15 шілдеден бастап бидайға орақ түсіп, одан 386,4 тонна өнім алынды. Сонымен қатар ауданда мал шаруашылығында да өсім байқалады. Дәлірек айтқанда, төрт-түлік бойынша өсім орташа 6,8 пайызды құрап отыр.
-Биыл 4 мың гектар жоңышқа орылып, оның әр гектарынан орташа 19,8 центнерден өнім өндірілді. Бүгінде жоңышқаның екінші орымын ору және жинау жұмыстары жүргізілуде. Ауданда су тапшылығының алдын алу мақсатында қашыртқы суды қайта пайдалану және егістік жерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін барлығы 57 дана насос қондырғысы іске қосылған. Ал мал шаруашылығы 6,8 пайызға артты. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара – 5,1 пайызға, жылқы – 21,6 пайызға, қой – 2,0 пайызға, ешкі – 6,8 пайызға, түйе – 8,6 пайызға, үй құстары – 9,9 пайызға көбейді. Ауданда төрт-түлік санын арттыруға байланысты арнайы жұмыстар атқарылуда, - деді аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов.

30 шілде 2022 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031