» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША «ҮЗДІК АУДАН» АТАНДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША «ҮЗДІК АУДАН» АТАНДЫ

Бүгін Қызылорда қаласында өткен «Алтын дән – 2024» салтанатты шарасында ауыл шаруашылығы саласындағы үздіктер марапатталып, облыс бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген аудандар мен еңбеккерлер құрмет төрінен көрінді.

Салтанатты жиын барысында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып, тағы бір табысты жылдың қорытындысын шығарған сала қызметкерлері мен ардагерлеріне өз алғысын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Аталған шара аясында Қармақшы ауданы егін шаруашылығы бойынша облыс деңгейінде «Үздік аудан» атағына лайық деп танылып, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы марапатты аудан әкімі Жандос Еркінбекке табыстады.

Сонымен қатар, осы шарада елеулі жетістіктерімен көзге түскен бірқатар азаматтар да марапатталды. Атап айтқанда, 3 100 гектар жерге күріш егіп, әр гектарынан 60 центнер өнім жинағаны үшін «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) директоры О. Төлепов І дәрежелі дипломмен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

Одан бөлек, 43 гектар жерге күріш егіп, әр гектарынан 96,5 центнер өнім алған «Тұрмағамбет» ЖШС-нің күріш сушысы О. Бисенбаев, 427 гектар жерге күріш егіп, әр гектарынан 71,7 центнерден өнім жинаған «Ақтөбе и К» ЖШС-нің егіс бригадирі Б. Раев, 35 960 центнер астық жинаған «Ақтөбе и К» ЖШС-нің комбайнері М. Сәденов, 1 030 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарын жинаған «Интернационал» ЖШС-нің жаткисті Дидар Төребаев және 330 гектар жерге күріш орналастырып, әр гектарынан 49,6 центнерден өнім алған Е. Жалғасбаев облыс әкімінің дәрежелік дипломдарымен марапатталып, еңбек озаттары атанды.

Сонымен қатар өндіріс озаты «Ақжар» шаруа қожалығына 2 автокөлік табысталды.

Қармақшы ауданының барлық еңбеккерлерін осынау маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымағымыз артып, еңбегіміз еселеніп, несібеміз мол болсын!

12 қазан 2024 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

№81 (10346)

12 қазан 2024 ж.

№80 (10345)

08 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031