» » Ойлы оқырманмен жылы жүздесу

Ойлы оқырманмен жылы жүздесу

Өткен аптада аудандық кітапханада «Кітап және оқырман» атты белсенді оқырмандармен кездесу кеші өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева қатысты. Одан бөлек кітапхананың тұрақты оқырмандары Ханбибі Боранбаева, Зәуре Жақыпова, Роза Тынымбаева мен жас кітапқұмарлар кеш қонағы болды.
Келген қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, оқырмандары өз ойларын ортаға салды. Балалар кітапханасының белсенді оқырмандары №105 мектеплицейінің 7-сынып оқушысы Айару Әбдірахманова Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» өлеңін және 6-сынып оқушысы Диана Рахымберді Абай Құнанбаевтың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңдерін оқып берді. Кітапхананың ең қарт оқырманы – 80 жастағы зейнеткер-ұстаз Ханбибі Боранбаева көркем әдебиетті сүйіп оқиды. Биылғы жылдың 8 айында 14 кітап оқыған. Ханбибі апа көп жастарға үлгі болып уақытын рухани дамуға арнап отыр. Ол жастарды кітап оқуға, көкжиегін кеңейтуге шақырды. Кеш қонақтарына кітапхана қызметкерлері әннен шашу шашып, белсенді оқырмандарға сый-сияпат көрсетті.
09 қазан 2024 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 637
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031