Құрылтай
» » Кітапхана һәм белсенді оқырман

Кітапхана һәм белсенді оқырман


Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сайлап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Кез келген кітапхананың мақтанышы – оқырмандар.
Біздің талантты, ынталы, белсенді өмірлік ұстанымы бар оқырмандарымыз көп. Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде түрлі кездесулер, танымдық, тақырыптық кештер, іс-шаралар өтеді. Осы аралықта біздің белсенді оқырмандарымыз осындай кештерден қалмай, бар ынта-жігерімен қатысады. Кітапханамыздың бірқатар тұрақты оқырмандары – зейнеткер Өтеген Шалаев және Қожантай Күзембаев, Марат Үсенов, Мәдина Алиханқызы, Назима Сарбасова, Дарина Ерғалиевалар. Зейнеткер аталарымыз күнделікті газет-журналдарды оқыса, Марат ағамыз 2017 жылдан бастап кітапхананың тұрақты оқырманы. Діни тұрғыдағы кітаптар оқиды. Ал апаларымыз түрлі тақырыптағы іс-шараларға қатысады. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың – 175 жылдығына, ойшыл әл-Фарабидің –1150 жылдығына, Алтын орданың – 750 жылдығына, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған челлендждерге қатысып, белсенділік танытты. Сонымен қатар бұл оқырмандарымыз поэзияға жақын. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында биыл 30 кітапты оқу жарияланды. Назима Сарбасова балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» повесін оқып шықты. Мәдина Алиханқызы Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңдер жинағын және Дарина Ерғалиева Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» повесін оқыды.
Кітап – асыл қазынамыз. Осындай жақсы оқырмандарымыз көбейіп, кітапқа деген қызығушылық арта түссін.
Перизат ӨМІРЗАҚОВА,
кітапханашы
31 тамыз 2021 ж. 1 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31