Құрылтай
» » Өсірген ой-білімді, сүйемін туған тілімді

Өсірген ой-білімді, сүйемін туған тілімді

Аудандық кітапханасында Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдаумен «5 қыркүйек — Қазақстан халқының тілдер күні» мерекесіне орай "Өсірген ой-білімді, сүйемін туған тілімді" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Сайысқа 4 топ бойынша кітапхана оқырмандары қатысты: 
«Білімділер» тобы- Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқырмандары, №26 мектеп оқушылары;
«Тапқырлар» тобы- Балалар кітапханасының оқырмандары, №105 мектеп оқушылары,
«Дарын» тобы- Қалалық кітапхананың оқырмандары, №30 мектеп оқушылары;
«Шырақ» тобы- Кент кітапханасының оқырмандары, №27 мектеп оқушылары.
Сайысқа Раева Гүлжауһар Төлегенқызы- халықаралық Қазақ Тілі Қоғамы ның төрайымы, Тынымбаева Роза Омарқызы – ардагер ұстаз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Байкубекова Гулфайруз Кенжебекқызы- Мәдениет және спорт бөлімінің әдіскері төрелік етіп, әділ бағаларын берді.

Сайыстың қорытындысы бойынша, I-ші орынды Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің "БІЛІМДІЛЕР" тобы, II-ші орынды Кент кітапханасының "ШЫРАҚ" тобы, ал III-ші орынды Балалар кітапханасының "ТАПҚЫРЛАР" тобы және Қалалық кітапхананың "ДАРЫН" тобы иеленді.
15 қыркүйек 2023 ж. 1 014 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 674
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31