» » Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы

qarmaqshy-tany.kz Жуырда аудандық кітапханада аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты жас оқырмандар арасында интеллектуалды сайыс өтті.

– Сайыстың мақсаты – өскелең ұрпаққа тәуелсіздіктің, ана тілінің қадір-қасиетін, оған деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын, ой-өрісін дамыту, тілді қадірлей білуге, патриоттық сезімге баулу. III кезең бойынша өткен сайысқа 12 оқушы қатысып, олар өз білімділігін, оқу шеберліктерін көрсетті. Яғни І кезең – Тәуелсіздік және тіл бойынша өлеңді жатқа мәнерлеп оқу, ІІ кезең – мақалдың жалғасын табу және сұрақ-жауап кезеңі бойынша жас оқырмандар өзара сайысқа түсті. Қазақ тілінің маманы, ардагер ұстаз Райкүл Қаратаева мен аудандық музейдің қызметкері Гүлмира Өтегенова әділқазылық еткен жас білімгерлер сайысы қорытындысымен бас жүлдені қалалық кітапхана оқырманы Арнұр Үсенбаев жеңіп алса, І орынды аудандық кітапхана оқырманы Мәди Слам олжалады.
Сонымен қатар, ІІ орынға аудандық кітапхана оқырманы Мерей Алтынбайқызы мен балалар кітапханасының оқырманы Азамат Зұлқарнаев көтерілсе, ІІІ орынды қалалық кітапхана оқырманы Ақтілек Төлен, балалар кітапханасының оқырмандары Динара Әділова мен Айару Ерғабылова иеленді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
17 желтоқсан 2022 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930