» » Мемлекеттік тіл —Тәуелсіздік символы

Мемлекеттік тіл —Тәуелсіздік символы

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудандық кітапханада Қармақшы Аудандық Мәдениет Бөлімі нің қолдауымен 16 желтоқсан —Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Мемлекеттік тіл — Тәуелсіздік символы» атты оқырмандар арасында интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты — өскелең ұрпаққа тәуелсіздіктің, ана тілінің қадір-қасиетін, оған деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздік қорын, ой-өрісін дамыту, тілді қадірлей білуге, патриоттық сезімге баулу. Сайыста III кезең бойынша 12 оқушы қатысып, өздерінің білімділігін, оқу шеберліктерін көрсетті. І кезең — Тәуелсіздік және Тіл бойынша өлеңді жатқа мәнерлеп оқу, ІІ кезең —мақалдың жалғасын табу, ІІІ кезең — сұрақ-жауап. Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені қалалық кітапхана оқырманы —Үсенбаев Арнұр, І орын —аудандық кітапхана оқырманы Слам Мәди, ІІ орын—аудандық кітапхана оқырманы Алтынбайқызы Мерей, балалар кітапханасының оқырманы —Зұлқарнаев Азамат, ІІІ орын— қалалық кітапхана оқырманы Төлен Ақтілек, балалар кітапханасының оқырманы Әділова Динара, Ерғабылова Айару иеленді. Сайысқа қатысушы оқырмандарымызға және қонақтарға алғыс айтамыз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

13 желтоқсан 2022 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031