» » Күй - құдірет, жыр - кие

Күй - құдірет, жыр - кие

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде «Күй – құдірет, жыр - кие» атты күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы және жырау Тұрымбет Салқынбайұлының 155 жылдығына орай Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебі мен К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің үйірме шәкірттері арасында интеллектуалды сайыс болып өтті. Сайыстың мақсаты – Жастардың дәстүрлі музыкалық өнерге қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету және ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және аудандағы балалар әуез мектебі мен Жыраулар үйінің шәкірттерінің бір-бірімен байланыста жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
Сайыста оқушылар 6 кезең бойынша, екі топқа бөлініп «күй» тобы, «жыр» тобы болып сайысты. Шара барысында екі топқа түрлі деңгейдегі әр түрлі сұрақтар беріліп, тартысты өтті. Соңғы кезең талабына орай топ оқушылары өнер көрсетті. Интеллектуалды ойынға Халықаралық Қазақ тілі қоғамының төрайымы Раева Гүлжауһар Төлегенқызы төреші болып, екі топты тең бағалап, әуез мектебінің шәкірттеріне «Алғырлар», ал Жыраулар үйінің шәкірттеріне «Ақылдылар» номинациясын табыстады.

25 ақпан 2023 ж. 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 459
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31