» » Қызылорда қаласында парктер мен скверлер қайта жаңғыртудан өтеді

Қызылорда қаласында парктер мен скверлер қайта жаңғыртудан өтеді


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығында саябақтарды, аллеялар мен скверлерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Қалада қолайлы климат пен тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз ортаны сақтау үшін жаңа демалыс аймақтарын, ойын-сауық саябақтарын салу жоспарлануда», - деді Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Сырлыбаев.
Сондай-ақ, жазғы кезеңде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Соңғы екі жылда қаламыз шынымен әдемі, заманауи көрініске ие болды. Жаяужүргіншілер жолы салынып, көшелер абаттандырылып, Сұлтан Бейбарыс, Н. Назарбаев даңғылдарында субұрқақтар орнатылды.
Сонымен қатар, биыл жеке кәсіпкердің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық акциялары Б.Шөкенов атындағы саябақ пен Президенттік саябақ сияқты қызылордалықтардың сүйікті демалыс орындарының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан,
294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды. 548 арнайы техникалар қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.
09 қазан 2024 ж. 1 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 180

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930