» » Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Сыр өңірінде қарқынды түрде жалғасуда.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аймақтағы барлық мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, волонтерлер, қоғам белсенділері мен жастар және тұрғындар белсенді қатысуда.
Бүгінгі таңда, қала аумағында 33 сквер-аллеялар, саябақтар мен демалыс орындары бар. Аталған нысандарды таза ұстау мақсатында «Тазалық патрулі» қозғалысы өз белсенділіктерін танытып келеді.
««Тазалық патрулі» волонтерлық тобының бір құрамы тұрғындар мен кәсіптік нысан иелеріне көгалдандыру мен тазалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп тұруға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсатымыз шаһар тұрғындарын өз ауласын, көшесін таза ұстау, өзгелерге үлгі болуды түсіндіру. Біз қаламыздың таза болғанын қалаймыз» – деді «Тазалық патрулі» волонтерлер қозғалысының капитаны Даулетиярова Фатима.
 
Сырдария ауданы тұрғындары «Менің туған өлкем» атты тазалық акциясына қатысып, сенбілік жұмыстарына жоғары белсенділік танытты.
Акцияға тұрғындар, аудан орталығындағы мекеме қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасағы, сондай-ақ, кәсіпкерлер де белсене атсалысты.
Сырдария ауданы тұрғындарының демалыс орнына айналған «Орталық саябақ», «Тағзым» алаңы, орталық алаңдағы кіші архитектуралық формалар, кент көшелері мен арықтары тазаланып, көпірлер мен ойын алаңдары сырланып, «Жастар» аллеясына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жаңаша өзгеріп жатқан «Тағзым» алаңындағы арықтар қайта қазылып, аяқ су жүргізілді. Кәсіпкерлер де тазалық жұмыстарына белсене қатысып, кәсіптік нысанның айналасын тазартып, ғимараттарын сырлады.
«Жасыл ел» еңбек жасағы мен «Сырдария» волонтерлер тобының мүшелері орталық алаңдағы гүлзарларды суару және тазарту жұмыстарын жүргізді.
«Биылғы маусымда «Жасыл Ел» еңбек жасағы бойынша 110 квота берілді. Алғашқы маусымда 27 жасты, шілде айында 40 жасты жұмыспен қамтыдық. «Жасыл Ел» еңбек жасағына 16-35 жас аралығындағы жастарды қабылдайды. Ол санатқа оқушылар, студенттер мен жұмыссыз жастар кіреді. Бүгінгі Тазалық акциясына «Жасыл Ел» жасағы мен «Сырдария жастары» еріктілер штабының мүшелері де өз үлесін қосуда. Бұндай акциялар өз жалғасына таба берсе дейміз!» - деді «Сырдария еріктілері» штабының жетекшісі Сейітжан Нұржан.
Акцияға 900 адам қатысты. Сенбілік барысында елді мекен көшелеріндегі қоқыстар тазартылып, шөптерді шабу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 14 техника жұмылдырылып, 11 тонна қоқыс шығарылды.
 
Шиелі ауданы тұрғындары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында туындаған «Игі істер» экомарафонына белсенді қатысып, тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Шара аясында аудан орталығының тазалығына жауапты мекеме тазалық мотокөліктерімен қамтамасыз етілді.
Мотокөліктер үлкен көлемді қоқыс көліктері кіре алмайтын көшелердегі қоқысты тез арада тасымалдап, үлкен көліктерге жүктеу жұмыстарын атқаруда.
Бүгінде аудан орталығы 4 аймаққа бөлініп, арнайы кестеге сәйкес белгіленген уақытында қоқыс жинақталуда. Аталған мотокөліктер қоқыстардың тұрып қалуының алдын алып, дер кезінде жинақтау жұмыстарына өз тиімділігін тигізуде.
Бұған қоса, тазалық акциясына ерікті жастардан құралған 700-ден астам азамат қатысты.
Сенбілікте көшелер мен саябақтар тұрмыстық қоқыстан тазартылып белгіленген орындарға шығарылды. Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарының аясында көшелер, аллеялар мен саябақтарда, су айдындарында жабайы шөптер шабылып, тазартылды.
 
Жалпы ақпарат
Айта кету керек, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған экологиялық акцияға барлығы 200 мыңнан аса еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Нәтижесімен, 8 мың тоннадан (8762) астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 505 скверлер мен парктер, 225 тарихи мәдени ескерткіштер, 791 әлеуметтік нысандар, 1130 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 289 су объектілері, 24 445 аулалар мен көшелердің бойы тазартылып, 900-ге жуық техника жұмылдырылып, 129 мыңнан аса (129 358) өңірдің климатына сәйкес жерсінетін қарағаш, терек және сырталының көшеттері егілді.
 
Қызылорда облысының әкімдігі
17 шілде 2024 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031