» » Қызылордада екі кент бірігеді

Қызылордада екі кент бірігеді

Қызылорда облысында Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы бір елді мекен болып қосылады. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Қазалы ауданында өткен көшпелі мәжілісте осы мәселе талқыланды.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев атқарылған жұмыстар мен бұған дейін де өткізілген басқосуларда берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
Инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп жатқан кенттегі 180 гектар аймақтан Рәміздер алаңы мен Демалыс паркiн салу үшін 8,2 гектар жер учаскесі белгіленді. Демалыс паркіне ауыз су, электр желісі мен жолы салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, жаңа үлгідегі аттракциондар мен ойын алаңдарын салуға кәсіпкерлермен алдын ала келісім жасалған. Бұл жаңа үлгідегі саябақ жергілікті халықпен қатар, көршілес Арал мен Қармақшы аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсететін болады.
– Қазақстан МЖӘ орталығы» АҚ-мен «Шағала» балалар тынығу лагерінің құрылысын салуға келісімге отырды. Бүгінде инвесторлар іздестірілуде. Бұдан бөлек, 250 орындық аудандық аурухана, 12 екіқабатты үйлер және өзге де әлеуметтік нысандар құрылысының жобалары әзірленді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті аудандық бөлімінің кеңсе ғимараты мен аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі кеңсесінің құрылысы жобасы дайындалуда. Ал биыл аудандық мекемелер үйі мен мәдениет үйі құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен мемлекеттік сатып алу жолдары шешілуде, – деді аудан əкімі.
Сонымен қатар, ауданның жаңа орталығында Әйтеке бидің ескерткіші орнатылмақ.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы




11 мамыр 2018 ж. 1 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 95

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 237

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930