» » Жаңартылған аулалар қала күніне тарту етіледі

Жаңартылған аулалар қала күніне тарту етіледі

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала орталығындағы Абай даңғылы №47 «А, Б, В», №51 «А» тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Еске салсақ, жаз басталғалы, яғни маусым айынан бері демеушілердің қолдауымен 1 млрд. теңгеге 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру басталған болатын. Аулаларға заманауи спорт алаңдары салынып, тротуарлары, жарық бағаналары жаңартылуда. Бұл тұрғындардың, балалардың демалысына қолайлы әрі спортпен шұғылдануына серпін береді.

Абаттандырылған, көркейтілген аулалар жақында аталып өтілетін Қала күні мен Қызылорда облысының 85 жылдығына тарту етілмек.
Айта кетейік, жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар Мемлекет басшысының туған жерді көркейтуге үлес қосуға шақырған үндеуін барынша қолдап, атамекенді көркейтуге белсенді атсалысуда. Бастаманы қолдаған кәсіпкерлер демеушілік есебінен облыста 31 млрд. 700 млн. теңгенің жобаларын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, маусым айынан бері 1 млрд. 100 млн. теңгеге облыс орталығындағы 50 үйдің қасбеттері заманауи панельдермен қапталуда. Қызылордалық кәсіпкер Асқар Әубәкіровтің демеушілігімен Қызылорда қаласының орталық алаңын абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба құны 1 млрд. теңгені құрайды.

Мұнан бөлек, меценаттардың қолдауымен Сыр өңірінде көптеген әлеуметтік нысандар салынып, қасиетті орындар – Қорқыт ата ескерткіш- кешеніне, Хорасан ата, Оқшы ата және Марал баба кесенелеріне қайта жаңғырту, айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
05 қыркүйек 2023 ж. 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031