ҰСТАЗЫМ - ҰЛАҒАТЫМ, ҮЛГІ - ӨНЕГЕМ
Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы.
Ұстаз — бұл қасиетті мамандық иесі. Ұстаз болу —аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс.Осындай ұлы ұғымдарды бойына сіңірген және аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін ұлы мамандық иелері-ұстаздар мерекесі де келіп жетті.
Айтулы мереке қарсаңында Қармақшы ауданындағы №183 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен көп жылдан бері басшылық қызметте жұмыс атқарып келе жатқан,білікті маман, қадірлі ұстаз, аудандық білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гүльзира Мәжитқызымен кездесу сағаты өтті.
Кездесу мақсаты ұстаздың өмір жолымен таныса отырып,өскелең ұрпаққа өнегелі әңгімелер арқылы ой салу.Отбасы тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу,ұстазды ұлықтау секілді тамаша тақырыптар аясында сұхбат болды.Оқушылар Гүлзира Мәжитқызының еңбек жолымен таныса отырып,өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарын қойды.
Ұстаз оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, жауапкершілігі көп еңбек жолының кезеңдерінен, балалық шақтың сағынышқа толы тәтті сәттерінен қызықты әңгімелер айтты.Кездесу соңында 10 сынып оқушысы Темірханов Мағжан ұстазға арнап жазған арнауын оқыды. «Ұстазым» әні орындалып, мектептің «Шабыт» шығармашылық орталығы дайындаған өнерпаздардың биіне ұласты.
Кездесу сағаты өскелең ұрпаққа білім мен тәрбиені меңгеруде келелі ой салатын қызықты сұхбат алаңы болды.