» » Үлкендер жолы ұлылық

Үлкендер жолы ұлылық

Жуырда «Qadam» жастар ресурстық орталығы, аудандық білім бөлімі және О.Шораяқұлы атындағы No30 мектептің бірлесуімен «Білімді ұрпақ. Адал адам» тақырыбында «Қармақшылық» жобасы аясында ауданның құрметті азаматы, ардагер ұстаз, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Дәмелі Жалғасбаевамен кездесу өтті.
Кездесуге ардагер ұстаздың шәкірттері Райкүл Қаратаева, Асылжан Айбытов, Арайлым Сүлейменова және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова қатысып, ардақты ұстаздың білім саласындағы ерен еңбегін айтып, естеліктермен бөлісті.
Іс-шараны өткізудегі басты мақсат – ардагер ұстаздың еңбек жолын таныстыра отырып, оқушыларға мол мағлұмат беру, ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Сондай-ақ ұстаз мамандығының қыр-сырын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуді жас ұрпаққа ұғындыру болды.
Кездесу барысында ардагер ұстаздың еңбек жолынан бейнеролик көрсетіліп, оқушылар тарапынан сауал қойылып, ой-пікірлер алмасты. Мұнан соң оқушылар ұстазға арнау оқып, сый-құрмет көрсетті.
Жиын соңында Дәмелі Қожахметқызы іс-шараны ұйымдастырушыларға және жастарға риясыз алғысын айтып, «Сіздермен кездесу – мен үшін үлкен қуаныш. Әрбір ұстаз үшін балаға білім беріп, елге құрмет көрсетуді үйретіп, тәрбиелеуден артық ештеңе жоқ» деді сөзін түйіндей.
Құралай АЛТАЙҚЫЗЫ
10 ақпан 2024 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10324)

27 шілде 2024 ж.

№58 (10323)

23 шілде 2024 ж.

№57 (10322)

20 шілде 2024 ж.

Оқиғалар

Көк тәбішке

Көк тәбішке

12 шілде 2024 ж.

Сұхбат

Әйел алмайтын асу жоқ
16 шілде 2024 ж. 171

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031