» » ҚАРТТАРДЫҢ ДА ӨНЕРГЕ БАР ТАЛАСЫ

ҚАРТТАРДЫҢ ДА ӨНЕРГЕ БАР ТАЛАСЫ

Үлкенге құрметпен қарау, оларды сыйлау сонау замандардан жеткен игі дәстүр болса, ілкі дәуірдің ізгі қасиеті бүгінге жалғасып келеді. Егемендігін алып, еңсе көтерген еліміз соны сүрлеу соқпағын жаңғырта бермек.
«Үлкеннен үлгі алған кіші адаспас» дегендей, қариялар жүріп өткен ұлы соқпақ кейінгіге үлкен өмір мектебі болары анық. Осы ретте Төретам кенттік клуб үйі «Қарттардың да өнерге бар таласы» атты ардагерлер арасында өнер фестивалін ұйымдастырды. Тәлімді іс-шараға өнерлі ата-әжелер қатысты. Өз өнерін ортаға салған 11 қария жиналған жұртшылықтың көңілін көтерді. Қатысушылар арасында құрметті ұстаз да, суретші де, қоғам қайраткері де бар. Белсенді қарттар әсем ән орындап, күмбірлетіп күй тартты. Клуб үйінің өнерпаздары да тамаша іс-шараға үлес қосып, өнерлерін ортаға салды.
Іс-шара соңында Төретам кентінің әкімі Ғалымжан Тәжмағанбетұлы қатысушы ардагерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Үлкендердің батасын алып, алғысына бөленген кеш көңілді аяқталды. Бұл шара алдағы уақытта жалғасын тапсын деген ұсыныстар айтылып, көрермендер тарапынан зор қошеметке ие болды.
«ҚТ» ақпарат
01 қазан 2024 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930