» » Ардагерлерге құрмет толастамайды

Ардагерлерге құрмет толастамайды

Үлкеніне құрметпен қарау, сыйлап-қадірлеу сонау замандардан жеткен игі дәстүр болса, ілкі дәуірдің ізгі қасиеті бүгінге дейін жалғасып отыр. Сонымен қатар, әр азаматқа қария жасына жеткен шақта лайықты өмірді қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.
Осы орайда, Халықаралық қаттар күні мерекесі аясында Жосалы кенті әкімінің «Қарттарым – асыл қазынам» атты салтанатты мерекелік кеш өтті.
Салтанатты жиынға Кеңес Үкіметі кезінде ауданның белді мекемелері болған, бірақ қазіргі таңда мекемелері тарап кетуіне байланысты ескерусіз қалған қарияларымыз бен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаев және ел ағасы Қ.Есдәулетовтер арнайы шақырылды.
Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы қазыналы қарттарымызды төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Мереке қарсаңында мекемесі тарап кеткен 25 ардагерге Жосалы кенті әкімшілігі тарапынан сый- сияпат жасалды.
Сонымен қатар, ауданның құрылыс саласында абыройлы қызмет еткен, кешегі күнге дейін аудандық ардагерлер кеңесін басқарған, әлі де ел арасының татулығын сақтауға үлес қосып келе жатқан «Қармақшы ауданының құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы» төсбелгісінің иегері ел ағасы Қ.Есдәулетовке, Жосалы кенті ардагерлерінің басын біріктіріп, олардың зейнетке шыққаннан кейін де қоғамнан тыс қалмасын деп қамқорлап жүрген Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ұзақбаевқа және мерекемен тұспа-тұс келген туған күн иесі Әубәкіров Әбдімәліктің мерейлі 75 жылдық мерейтойымен Жосалы кенті әкімінің арнайы мерекелік құттықтау хаты мен сый-сияпаттары табысталды.
Салтанатты жиында аудандық Жыраулар үйі мен әуез мектебінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. Мейірімге толы мерекеде құрметке бөленген ақсақалды қарияларымыз бен ақ жаулықты апаларымыз ізгі ниетпен баталарын беріп, керемет көңіл-күймен тарасты.
«Қт» ақпарат
04 қазан 2022 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930