» » Қарттарым - асыл қазынам

Қарттарым - асыл қазынам

Үлкеніне құрметпен қарау, сыйлап – қадірлеу сонау замандардан жеткен игі дәстүр болса, ілкі дәуірдің ізгі қасиеті бүгінге дейін жалғасып отыр.
Сонымен қатар, әр азаматқа қария жасына жеткен шақта лайықты өмірді қамтамасыз ету – Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.
Осы орайда, 30 қыркүйек күні «1-қазан Халықаралық қаттар күні» мерекесі аясында Жосалы кенті әкімінің «Қарттарым- асыл қазынам» атты салтанатты мерекелік кеші өтті.
Салтанатты жиынға Кеңес Үкіметі кезінде ауданның белді мекемелері болған, бірақ қазіргі таңда мекемелері тарап кетуіне байланысты ескерусіз қалған қарияларымыз бен аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы А.Мереков, Жосалы кенті Ардагерлер Кеңесінің төрғасы Е.Ұзақбаев және ел ағасы Қ.Есдәулетовтер арнайы шақырылды.
Жосалы кентінің әкімі Шыңғыс Әбділәмитұлы қазыналы қаттарымызды төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Мереке қарсаңында мекемесі тарап кеткен 25 ардагерге Жосалы кенті әкімшілігі тарапынан сый-сияпат жасалды.
Сонымен қатар, Қармақшы ауданының құрылыс саласында абыройлы қызмет еткен, кешегі күнге дейін аудандық ардагерлер Кеңесін басқарған, әлі де ел арасының татулығын сақтауға үлес қосып келе жатқан «Қармақшы ауданының құрметті азаматы», «Қазақстан Республикасының құрметті құрлысшысы» төсбелгісінің иегері ел ағасы Қ.Есдаулетовке, Жосалы кенті ардагерлерінің басын біріктіріп, олардың зейнетке шықаннан кейін де қоғамнан тыс қалмасын деп қамқорлап жүрген Жосалы кенті ардагерлер Кеңесінің төрғасы Е.Ұзақбаевқа және бүгінгі мерекемен тұспа-тұс келген туған күн егесі Әубәкіров Әбдімәліктің мерейлі 75 жылдық мерейтойымен Жосалы кенті әкімінің арнайы мерекелік құттықтау хаты мен сый-сияпаттары табысталды.
Салтанатты жиында аудандық Жыраулар үйі мен әуез мектебінің көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.
Мейірімге толы мерекеде құрметке бөленген ақсақалды қарияларымыз бен ақ жаулықты апаларымыз ізгі ниетпен баталарын беріп, керемет көңіл-күймен тарасты.
03 қазан 2022 ж. 781 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 401
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930