» » АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерімен кездесті

АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерімен кездесті

Кездесуде мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды мәселенің бірі елімізде АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы сөз болды. Осы орайда республикада, өңірлерде және аудандарда Халықтық штабтар құрылып, тұрғындарға түсіндірме жүргізу жұмыстарын жасауда.
Халықтық штаб мүшесі А.Тулебековтің айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі электр қуатының тапшылығы Ресейден келетін 1 миллиард киловатт-сағат көлеміндегі ағынмен жабылып отыр. Жыл сайын елімізде электр қуатын тұтыну көрсеткіші арта береді. Ал қазіргі жұмыс істеп тұрған станциялардың оған шамасы келмейді. Сондықтан энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін бізге таза, тұрақты және сарқылмайтын энергия көзі қажет. Атом электр станциясы ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға жол ашады және экономиканың дамуына да оң ықпал етеді. Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары. Сонымен қатар станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.
Жиында АЭС бой көтеруі арқылы болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз және оған әлемдегі АЭС арқылы қуат көзін ұтымды пайдаланып отырғаны елдер дәлелдемесі айтылды.
Басқосу барысында жиынға қатысушылар өздерінің пікірлерін ортаға салып, Президенттің бұл бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
АЭС-ті қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерімен кездесті.

26 қыркүйек 2024 ж. 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 260

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930