» » АЭС салу жобасы кеңінен талқыланды

АЭС салу жобасы кеңінен талқыланды

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб «ҚазТрансГаз» Қармақшы аудандық филиалы мамандарымен кездесті. Кездесуде АЭС салу жобасы кеңінен талқыланды.
«Президент халыққа Жолдауында экономикамызға қажет мол қуат көлемін атом энергетикасы қамтамасыз ете алатынын сөз етті. Халықтық штаб мүшелері АЭС электр энергиясына деген сұраныстың азаюына тікелей әсер ететінін айта кетті. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы кезінде жаңа жұмыс орындары пайда болып, жоғары технологиялық салалардың дамуын қамтамасыз ететіні жайында айтылды.
Мамандардың айтуынша, электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайызға артуда. Ал өзімізге мәлім электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Бүгінде электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да үлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде. Сондықтан, дамыған елдер жасыл энергия саналатын атом станциясының жұмысын жандандыруда. Атом энергетикасы қоршаған ортаға қолайлы, ел экономикасына тигізетін септігі мол сала.
Соның негізінде Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жалпыхалықтық референдум арқылы маңызды таңдау жасау қажеттілігін атап өткен болатын», - деді Халықтық штаб мүшесі А.Тулебеков.
Кездесу соңында «ҚазТрансГаз» саласы қызметкерлері штаб мүшелеріне сұрақтарын қойып, референдумға өз дауыстарын беретіндіктерін жеткізді.
23 қыркүйек 2024 ж. 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 379
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 164

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930