» » ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУДЕ АЭС МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУДЕ АЭС МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ


Бүгін АЭС-ті салуды қолдау жөніндегі Қармақшы аудандық Халықтық штаб мүшелері Мақсат Есбенбетов пен Сейл Жұмадьяров Ақай ауылдық округінде орналасқан "NOMAD" сауда үйінде экспромт-кездесу өткізіп, ел болашағы үшін АЭС құрылысының маңыздылығын түсіндірді.

"АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Барлық мемлекет сенімді және экологиялық таза энергия көзіне аса мұқтаж. Атом энергетикасы еліміз үшін негізгі энергия көзіне айналып, энергетикалық жүйенің тұрақты дамуына ықпал ете алады", - деді штаб өкілі М.Есбенбетов.

Аудандық Халықтық штаб мүшесі С. Жұмадьяров бүгінде елімізде электр энергия тапшылығы айрықша сезіле бастағанын жеткізді. Ол өз сөзінде кез келген маңызды шешім қарапайым халықтың қатысуымен қабылданатынын айтты. Сондай-ақ штаб мүшесі ғылым мен экономиканы дамыту үшін АЭС-тің қажеттігін түсіндірді.

Аудандық штаб мүшелерінен ақпарат алған сауда үйінің тұтынушылары өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдірді.
24 қыркүйек 2024 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930