» » Механизатор Ғазиз

Механизатор Ғазиз

Қазір еліміздегі кей шаруашылықтар үшін механизаторлар табу жеңіл болмай тұр. Себебі бүгінгінің заманын қуған жастар трактор айдап, оны өңдеуге құлықсыз. Қолдарын қара май қылып, далада күнге күйіп жұмыс істегеннен гөрі қалаға барып тіршілік еткенді қалайды. Десек те ауыл-аймақта бозбала шағында техникаға әуес болып, мамандық алып, сол кәсібіне адалдық танытып жүрген азаматтар кездеседі. Ақжар ауылдық округіндегі «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы Ғазиз Маратов осындай жігіттердің бірі.
Жас механизатор ауылдағы шаруашылыққа 2017 жылы келген. Қалада емес, ауыл даласында еңбек еткенді қалап, осында слесарь болып алғаш еңбек жолын бастаған. Кейін алып техникаларды тізгіндеуге ауысып, өзінің жаңа қырын көрсеткен. Күндіз-түні дала төсінде жер жыртып, күріш тасып, әртүрлі жұмыстарды да атқарып отырған.
– Шаруашылықта жұмыс істеп жүргенім өзіме қатты ұнайды. Бір жағынан ауылға да еңбек етіп, үлесімді қосудамын. Қалаға кеткеннен гөрі, осында қалып ата-анама қолғабыс болғанды қаладым. Мұндағы жұмысым – техника басқару. Қазір қырман басында жұмыс қызулы. Күріш уақытында техникаларда дамыл болмайды. Қырманға күріш тасып, арасында комбайнға да отырамыз. Негізі маған берілген техника – БТЗ тракторы. Қалған уақытта осы тракторға жұмыс болмаса, басқа техниканы айдай беремін, – дейді жас механизатор.
Ғазиздың техникаға қызығушылығы бала күнінен басталған. Ең алғаш үш дөңгелекті мотоциклді тізгіндеп бастадым дейді ол. Кейін мектепті бітірген соң аудандағы Агротехникалық колледжге оқуға түсіп, «Трактор-машинист» мамандығын меңгеріп шығады. Дипломмен ауылға келген жас маманды «Ораз ахун ЛТД» серіктестігінің директоры Жомарт Жалғасбаев жұмысқа бірден қабылдаған.
– Ауылда еңбек етемін деген ынталы адамға жұмыс көзі табылады. Тек ерінбеу керек. Жалпы жұмысымыз жылда ақпан айының ортасында басталады. Гаражда техникаларды жөндеп, көктемгі жер жырту секілді дала жұмыстарына дайындаймыз. Наурызда егіс басына шығып, күрішке жер айдаймыз. Ал жаздың уақытында күріш егіп болған соң трактормен шөп тасимын. Одан кейін күзгі егін ору науқанына қарай жұмыс жалғасып отырады. Қазіргі техникалар да жыл өткен сайын күрделеніп дамып жатыр. Бұзылған жағдайда қиналып қаламыз. Оған арнайы маманын шақырып, қыр-сырын үйренудеміз. Құдай қаласа, жақында жаңадан комбайн техникасы келеді. Бұйырса, соған отырамын. Бұл да бір еңбегімнің еленгені шығар. Шаруашылық басшысы Жомарт ағамызға айтар алғысым шексіз. Ол кісі адамның еңбегін жақсы бағалайды, – дейді Ғазиз Маратов.
Иә, еңбектің көркін қыздырған адамның қашанда несібесі таудай. Оған дәлел, былтырғы күзгі қорытынды сабантойда Ғазиз «Үздік механизатор» атанып, арнайы сертификат және ақшалай сыйлықпен марапатталған.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 қыркүйек 2024 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031