» » АЭС салуды қолдау

АЭС салуды қолдау

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб аймақтарда кездесулер өткізуді жалғастыруда. Штаб мүшелері «Қуаңдария» бастауыш партия ұйымында білім саласы қызметкерлерімен кездесті.
Халықтық штаб мүшелерінің білім саласы қызметкерлерімен кездесуінде AЭС-тің артықшылықтары мен негізгі тигізер пайдасы кеңінен талқыланды.
Дүниежүзінде 62 реактор салынып жатқанын атап өтіп, атом электр стансаларының өнеркәсіптік-өндірістік персоналының шамамен 20%-ын ядролық білімі бар өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер құрайтынын жеткізді. Айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда екі ірі ғылыми-зерттеу ұйымы бар. Ол – Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығы және Алматыдағы ядролық физика институты. Олар атом электр стансаларын құру процесін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету қызметін атқарады. Осы ғылыми-зерттеу ядролық реакторларының іске қосылуы ядролық физика әдістерін еліміздің әртүрлі салаларына енгізуге кең мүмкіндік ашпақ.
Бүгінде Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша 17,9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органда 36, ғылыми-техникалық ұйымдарда 2,9, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 15 мыңға жуық маман қамтылған. Атом өнеркәсібіндегі студенттердің саны 9 000 адамды құрайды. Бұл – алдағы уақытта жас мамандар саны артатынының көрінісі. Яғни, білім саласына тигізер ықпалы зор.
23 қыркүйек 2024 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 638
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 407

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031