» » ОЙЛЫЛАР ОЙЫНЫ

ОЙЛЫЛАР ОЙЫНЫ

Бейсенбі күні аудандық спорт және туризм бөлімі мен «Қазақ Соқырлар қоғамы» облыстық филиалының ұйытқы болуымен аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде белгілі азамат, ерекше жандардың жанашырқолдаушысы болған Асқар Қолдабековтің атында мүмкіндігі шектеулі көз мүгедектері арасында шахматтан облыстық турнир ұйымдастырылды.
Бұл турнир – ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға өз қабілеттерін шыңдауға, шахмат арқылы интеллектуалдық және стратегиялық ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды шара. Шахмат – тек шаршы тақтадағы ойын ғана емес, ол адамның ойлау қабілетін, ерік-жігерін және өмірлік қиындықтарын жеңуге, шыдамдылығын арттыруға тәрбиелейтін құрал.
Спорттық шараны аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі, сонымен қатар олардың өмірдегі табандылығы мен ерік-жігерлерін атап өтті.
Аталған іс-шараға «Тұран-Шах Қызылорда мүгедектер» қоғамдық бірлестігі демеушілік жасады.
Турнирдің жабылу салтанатында Асқар Сайлауұлының анасы, еңбек ардагері Фазила Ниязова барша қатысушыға аналық алғысын білдіріп, лебізін жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеуші тарапынан ұйымдастырылған бағалы сыйлықтарға ие болды.
Салтанат ӘБЕНОВА
23 қыркүйек 2024 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930