Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында бірлескен жиын өтті

Кездесуде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан прокурының орынбасары Утеев Ғафур Мұратұлы жан-жақты талдау жасап, түрлі сұрақтар арқылы оқушының көзқарасын тыңдады. Ата-аналар комитетінің төрағасы М.Әлиев үш одақтың жұмысын жандандыру, жастардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау,адам денсаулығына зиян келетін заттардан аулақ болу барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова "Біртұтас тәрбие " бағдарламасы аясында құндылықтарды дамыту, әділетті Қазақстан құру жолында озық ойлы адал азамат тәрбиелеу ісінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баядады.
Келелі кездесу соңында ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша оралымды ойлар айтып, ұсыныс пікірлерін ортаға салды.