» » Бірлескен іс – мемлекет тұрақтылығының кепілі

Бірлескен іс – мемлекет тұрақтылығының кепілі

Жуырда Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылдық округінің «Қамбаш» лагерінде облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысына сәйкес, «Асыл мұра – Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Азаматтық қоғам институты – мемлекет тұрақтылығы мен дамуының негізі» атты облыстық азаматтық форумы өткен болатын. Онда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, үкіметтік емес ұйым өкілдері және мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысып, азаматтық қоғамды дамытудың бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.

Жиынның жалпы отырысына «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының жоба жетекшісі Айжан Айтмамбетова модераторлық етті.

Азаматтық форум еліміздің басты демократиялық дәстүрлерінің бірі әрі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ашық пікір алысатын үнқатысу алаңы саналады. Ашық пікірлесу алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов  сөз сөйлеп, аймақтағы азаматтық қоғам институтының даму барысы  және алдағы уақытта қоғамды дамыту бағытында бірнеше жылдан бері жүргізіліп келе жатқан әлеуметтік жобалардың маңыздылығына мән бере отырып, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жаңашыл әлеуметтік жобаларды енгізу бағытында жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Азаматтық қоғам институттарына қолдау көрсету алдағы уақытта да жалғасын табатынына тоқталып, бұл форумның мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жүйелі жұмыс істеуіне жаңаша серпін беретінін де атап өтті.

Азаматтық қоғамның дамуы үшін қоғамдық ұйымдардың қосатын рөлі зор. Қоғамдағы салмақты мәселелердің шешілуіне үлесін қосып  жүрген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар және билік институттары бас қосқан форумның негізгі мақсаты да қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі қолданбалы идеялар мен бастамаларды көтеріп, азаматтық белсенділермен бірлескен жұмыс жоспарын талқылау болды. Сонымен қатар форумда қатысушылар арасында  құнды ұсыныстар атылып, ашықтық пен азаматтық бағытында бірқатар сұхбат алаңы құрылды. Атап айтқанда, «Қазалы жомарт» қоғамдық қорының төрағасы Есет Табынбаев «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау тиімділігі» туралы және «Иман-2013» қоғамдық қорының атқарушы директоры Айгүл Мұратбекова  «Аудандық ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау» тақырыптарында ой қозғап, қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Айтулы іс-шараға біздің ауданнан да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, белсенділіктерін танытты. Топты халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиал төрайымы Гүлжауһар Раева бастап барды.

– Ауданнан 4 үкіметтік емес ұйымнан өкіл ретінде барып қатысып қатысып қайттық. Олар – «Қасиетті Қармақшым» қоғамдық қорының төрайымы Әсем Мерекова, «Ораз ахун» қоғамдық қорының төрағасы Ақтолқын Нұрмағанбетова, «Ардагерлер одағы» (Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың) РҚБ-нің Қармақшы ауданы бойынша филиалының төрағасы Жанболат Қосқожаевтар. Форум жаңа форматта ұйымдастырылған. Ашық пікір алысуларда өз пікірімізді білдірдік. Жалпы қоғам дамуында қазіргі уақыттың тақырыбына сай бағыт-бағдар берілді. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс әлеуетін көтеру, нәтижесін сараптау, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа бағыттары туралы ойлар ортаға салынды. Өзекті мәселелер талқыланды. Форумға қатысушылардың дені жастар болды. Облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов алдағы жұмыстардың бағытын жан-жақты түсіндіріп берді, – дейді Г.Төлегенқызы әсерімен бөлісіп.

Форум соңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай бірқатар азаматтық қоғам өкілдеріне Алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталып, қатысушылардың табиғат аясындағы демалысымен жалғасын тапты.

Сәрсенкүл АҚКІСІ
03 қыркүйек 2024 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 275

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 372

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930